Мал шаруашылығы кешендерінде, фермаларында эл.энергиясын қолдан-
удың оптимал шарты малдарды күту түрі және азықтандыру типі, өндірістік технологиясы, мамандырылуы және шоғырлануы, қолданған машина жүйесі, қоражайдың сәулеттік -құрлыстық формасы және оларды мал басының орнал-
асуы жағдайларымен анықталады.
Жобалау тапсырмасын- тапсырыс берушімен бас жобалаушы бірігіп дайындайды
Тапсырмадағы келесі негізгі деректер мен талаптар тізбесі:
1.жобалауға арналған негіздеме;
2.құрлыс түрі;
3.жобалау сатылығы;
4.нұсқаулық және конкурстық дайындау жөніндегі талаптар;
5.құрлыстың айрықша жағдайлары;
6.обьектінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде қуат,өнімділік, өндірістік бағдарлама;
7.инженерлік жабдықтарға қойылатын, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, сервистік қызмет көрсету жөніндегі негізгі талаптар;
8.өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі сапасы мен экологиялық өлшемдеріне қойылатын талаптар;
9.технологияға кәсіпорын режіміне қойылатын талаптар;
10.табиғатты қорғау талаптары;
11.еңбек қаупсіздігі мен гигиенасы режіміне қойылатын талаптар;
12. энергия сақтау жөніндегі талаптар;
Бастапқы мәліметтер ретінде:
1.технологиялық қондырғылар орналасқан ғимарат плпны (М 1:200; М1:400);
2.ғимарат. құрлыс бөлімінің негізгі кесіндісі;
3.эл.қондырғылары бірге орналасқан.электр қабылдағыштар тізімі және электр қозғалтқышты таңдау үшін мәліметтер;
4.қөрек көздері резервтау, электр энергиясын санау, реактив қуатты компенсац. және жерге қосу;
5.қөрек көздері орналасқан жерлері және олардың сандары;
6.автоматизациялау және диспетчеризациялау басқару технология мәселелері;
7. бөлмелерді сипаттау.
Мал және құс кешендеріндегі фермаларындағы өндіріс технологиясы мынандай төрт түрлі өндіріс кешендеріне бөлінеді:азықтандыру, су беру, мал күту және өнім алу- сақтау.
Мал шаруашылығы фермларының электрлендіру жүйелерін жобалаудың практикалық мәселелерді шешудің мынандай әдістемелік реттерін пайдалануға болады:
-зооветерииарлық талаптарға лайық ең ұтымды машиналық технологиясын таңдау және бір өндірістік кешендердегі нақты жағдайлар үшін технологиялық сұлба құрастыру;
-қабылданған өндіріс технологиясына сәйкес фермадағы еңбек үйымдастыруды, оны механикаландыру және автоматтандыру деңгейін белгілеу;
-әр бір жұмыс операциясын және өндіріс кешенін механикаландыру мүмкіндігін, қажеттілігін қарастырып, оны электр энергиясы негізіне ауыстыру мүмкіндігін іздеп техникалық құралдарды іріктеу керек;
— әр бір өндірістік кешендердегі өндірістік операциялардың орындауларын фермадағы күн-тәртібімен үйлестіру; машиналардың, механизмдердің және аппараттардың өнімділігін, қозғалу жылдамдықтарын және керекті сандарын анықтау, оларды анықтамалық мәліметтер бойынша іріктеу және автрматты басқарудың ұтымды сұлбасын құрастыру;
-фермада қабылданған машиналар жүйесін пайдалану үшін және мал басы оптимал тығыздықпен орналасқандағы зооветеринарлық негізгі талаптарды қамтамасыз ету үшін ғимараттарға негізгі габариттері бойынша сәулеттік-құрлыстық талаптарды негіздеу;
-қабылданған технологиялық сұлба бойынша машиналар жүйесінің элементтерін таңдауды ғылыми жетістіктерді және керекті жабдықтарды дайындаушы зоводтардан алу мүмкіндіктерін ескере отырып негіздеу.
Мал азықтандыру өндірістік кешені
Мал фермаларында мал басына жем- азықты табысты дайындау бөлімдері қарастырыладаы. Олар ашық жем-азық беру аланшалар, жабық жем-азық цехтары және дайындау бөлімдері түрінде болулары мүмкін.
Фермалардың жем-азық дайындау бөлімдерінің жұмыс машиналарын таңдап алу үшін бастапқы мәліметтер ретінде мал басының саны, табын құрамы, жем-азық беру нормасы және рационы, азық дайындау технологиялық сұлбасы қарастырылады.
Жем-азық цехторы мынандай әдістемемен есептеледі:
-жем-азықты өңдейтін технологиялық сұлбаны, жұмысшы машиналарды және көмекші жабдақтарды таңдайды;
-жұмысшы машиналарға электр қозғалтқыштар таңдап алынады, электр жетектерін тексеру есептері жүргізіледі, өндіріс процессін автоматты басқару сұлбасы таңдап алынады және басқару, қорғау аппараттары іріктеп алынады;
-жем-азық дайындау цехының электр жарықтандыру жүйесін және электр желіерін есептеу жүргізіледі.
-электр жүктемелерінің графигі түрғызылады, цехтың максимал қуаты анықталады, жылдық электр энергиясын тұтыну шамасы анықталады.
Малға су беру өндірісті кешені
Су беру өндірістік кешені төрт негізгі өндірістік процесстерден құралады: су шығару, су тасымалдау, суды тұтынуға дайындау, суды тұтынушыларға тарату.
Нақты жағдайларға байланысты суды тасымалдау алдында дайындау жүргізулуі керек болады (лайды тұндыру, сұзу ж.т.б), сондай-ақ суды тұтынушыларға жеткізіп беру алдында да дайындау жүргізу қажет болады (жұмсарту, бактерицидттік өндеу, жылыту немесе суыту).
Алғашқы мәліметер:
— мал басы, құс басының сандары және құрамы;
— су сапасы және көлемі бойынша нормалық талаптар;
— су көздерінің орналасуы және сипаттары.
Ферманы сумен қамтамасыз ету мынандай әдістемемен есептеледі:
-ферма бойынша орташа тәуліктік су тұтыну және есептік максимал су
тұтыну шамалары анықталады;
-секундтық максимал су тұтыну шамасы бойынша су көзі таңдалады;
-сораптық өсімділігі есептеледі (бұл жерде судың өрттік шығыны есепке алынады);
-су таратқыш құрылғы таңдап алынады қажет болған жағдайда қысым-реттегіш құрылыстар есептеледі, ондағы қысым шығындары анықталады;
-сорап қондырғыларға электр қозғалтқыштар іріктеп алынады,күштік электр желісі есептеледі,автоматты басқару сұлбасы және іске қосу-қорғау аппараттары таңдап алынады, электр энергиясын тұтыну мөлшері анықталады.
Мал күту өндірістік кешені
Мал күту өндірістік кешені мынандай өндірістік процестерден құралады: көң және жем-азық қалдықтарын тазарту, үй-жайды желдету және жылыту малдарды тазалау және дезинсекциялау, үй-жайды дезинфекциялау, үй-жайды жарықтандыру, малдарды сәулелендіру.
Көң тазарту процесін электендіруді жобалағанда мынандай мәліметтер қажет:
— үй-жайдағы мал (құс)басы саны,тәуліктік көн және төсеь бөліну мөлшері, көң шығару тәсілі. Осы мәліметтер бойынша трансформатор құрылғы және оған электр жетегі таңдап алынады.
Өнім алу-сақтау өндірістік кешені
Сүт фермаларында өндіріске ырғақ беретін негізгі өндірістік кешен-сиыр сауу және сүт сапасын сақтау.
Осы кешенді электендіруді жобалағанда мынандай мәселелер қарастырылады:
-кешеннің технологиялық картасы құрастырылады, сиыр саууға қажетті уақыт және сауу аппарттарының саны анықталады;
-сауу қондырғылардың түрлері, сандары және сүт өңдеу машиналары (сепараторлар,пастеризаторлар, суытқыштар)таңдап алынады;
-қабылданған машиналармен механизмдердің электр жетектерін есептеу және іріктеу жүргізіледі;
-күштік электр желісі есептелінеді және өндірістік кешенді автоматтандыру сұлбасы қабылданады,электр энергиясын тұтыну мөлшері анықталады
Мал фермалар мен кешендерін электр энергиясымен қамтамасыз етудің өзгешеліктері.
Жобалау кезінде электрлік жүктемелердің шамаларын нақты дәл анықтауға тырысады. Себебі, сол шамалар бойынша электр желісінің негізгі шартты шамалары қуат көздерінің сипаттамалары анықталады.
Электр жүктемелерді анықтау үшін әр-түрлі тәсілдер қолданылады: бір мезгілдік коэффициент тәсілі, электрлік жүктемелер графигін тұрғызу, электрлік қабылдағыштардың тиімді саны, сұраныс коэффициенті тәсілі, ықтималдық сипаттамалар тәсілі және де басқа тәсілдер.
Жобаланатын обьектінің алаңшасында орналастырылатын кернеуі 10/0,4кВ өндірістік трансформатор қосалқы станциясы жабық түрлі болуы керек. Олар ішке қондырылатын КТП қолданып жеке тұратын немесе өндірістік ғимаратқа қосылып салынған, сол сияқты ғимаратқа енгізілген болуы мүмкін. Көптеген жағыдайларда сыртқа қондырылатын КТП қолдануға рұқсат етіледі.
Кернеуі 10/0,4кВ трансформаторлық станциялардың саны, қуаты және түрлері техника-экономикалық есептер негізінде анықталады. Трансформатор пунктінің номинал қуатын және орналасу алаңшасын таңдауға ерекше көңіл бөлген жөн, себебі одан таратқыш желілердің, әсіресе кабель желілерінің ұзындықтарын қысқарту және реактив қуат мұқтаждығын кемітуге тәуелді екені белгілі.
Жеке трансформатор қосалқы станцияның өз тұтынушыларын қамту радиусын 400м асырмай қабылдаған жөн.
Қосалқы станцияны электрлік жүктемелердің салмақ орталығы нүктесінде орналастыруға тырысу керек. Сонымен қатар, қуат алу және тарату желілерінің құрылу ыңғайлылығы ескеріледі. Бірінші және екінші категориялы тұтынушылар бар 10/0,4кВ трансформатор пунктері қағида бойынша, номинал қуаттары бірдей, номинал режимде жүктемелерді игере алатын екі трансформатордан құрылуы керек.
Қос трансформаторлы қосалқы станциялардың номинал қуатын олардың қалыпты жұмыс режимі жағдайына қарай жүктемелерінің экономикалық шектері бойынша рұқсат етілген жүйелі асқын жүктелуін ескере отырып таңдайды. Жылдық электр энергия тұтыну мөлшері жекелеген қондырғылардың қуат тұтынуы бойынша және олардың жылдық пайдалану сағат сандары бойынша анықталады.
Трансформатор қосалқы станциясынан электр қабылдағыштарға тарату үшін бейтарап нүктесі жермен берік қосылған 380/220 В кернеу жүйесі қолданылады.
Электр энергиясын тұтыну трансформатор пунктінен өндірістік ғимараттардың кірмесіне дейін жеткізу үшін ауа және кабель желілерімен қатар шина өткізгіштер де қолданылуы мүмкін.
Электр желісінің түрін таңдап алу берілетін қуат шамасына, трансформатор пункітінен тарайтын желілер санына және олардың жоларналарының кәсіпорын территориясы бойынша өту жағдайларына байланысты жүргізіледі.
Ауа электр желілерінде жоғары берікті сымдар қолдану керек. Аl сымды көлденең қимасының ауданы 25мм2, болат алюминий және биметал сымд.-10мм2, көп тарамды болат сымдар- 25мм2, бір тарамды болат сымдардың диам. 4мм кем емес болу керек.
Мал және құс қораларындағы бір фазалық және аралас жүктемелерді көректендіретін желілердің нольдік сымдары фазалық сымдармен бірдей өткізгіштігі болуы және сондай материалдан дайындалуы керек.
Сыртқы жарықтандыру шырақтарын қоректендіру үшін, қағида бойынша ауа электр желісі пайдаланылады.
Бірінші категориялы электр қабылдағыштары бар өндірістік үй жайларға электр энергиясын жеткізуді екі трансформатор қосалқы станцияның әр түрлі секцияларынан шығатын немесе екі бөлек қуат көздерінен жүргізілген екі желі арқылы орындалуға кенес етіледі.
Екінші және үшінші категориялы электр қабылдағыштарды қоректендіру үшін ауа желілерін сақтық қорсыз-ақ тұрғызуға болады.
Кернеуі 10 және 0,38кВ электр желілерін есептеу үшін кернеу ауытқуы кестесін құрастырып кернеудің шекті жинақ шығынын анықтайды( 5 ).Трансформатор қосалқы станциясынан тарайтын төменгі вольтті желіні келтірілген шығындар минимумы бойынша есептейді. Сонымен қатар жобалаған желі бір фазалық қысқаша тұйықталу кезінде қорғаныш аппараттарының сенімді іске қосылуын және үлкен қуатты асинхронды қозғалтқыштың іске қосылу кезіндегі кернеуінің төмендеу нормасын қамтамасыз ету керек,ішкі желілер қызу және кернеу шығыны шарттары бойынша есептеледі.
Жобаларды обьектінің электр тоғынан зақымдану қаупі, қопарылыс және өрт қауптері бойынша қандай категорияға қарайтынын анықтау қажет, сонымен қатар қандай өндірістік зияндықтар барын, жабдықтардың жұмыс процессінде қандай түрлі қауіптер тууы мүмкіндігін анықтау керек.
Обьектіге керекті қорғаныш құралдарының және аспаптарының тізімін құрастырып қажетті сандарын анықтау керек. Ары қарай, қай жерде және қандай түрде жермен қосу нольмен қосу орындалатыны белгіленеді. Обьектіні найзағайдан қорғау құрылғысы есептеледі және сипатталады.
1-категорияға-400 бас және одан көп сүт өндейтін фермалармен кешендер, 600 бас және одан көп сиыр азықтандыратын фермалармен кешендер, жылына 5000 бас ірі мал төлдерін өсіретін және азықтандыратын фермалар және кешендер, жылына 1200 және одан көп шошқа кешендер, 100 мын жұмыртқалайтын құс фабрикалары, 1млн бройлер өсіретін құс фабрикалары.
1,2 категорияға жататын обьектілерінен өнімділігі кіші мал және құс фабрикалар және жылыжайлар, мал азықтарын дайындау цехтары 500m-суықпен жабдықталған картоп сақтау қоймалары, 600т жеміс- жидек суқтандырғыштар.