Үлгі қалыпқа келтірудің анықтамасы
Өнімдердің сапасын көтеру экономиканы ұдайы дамытудың және халықтың жұмыс жағдайын жақсартудың негізгі бір шарты болып табылады. Өнімдердің сапасын көтеру проблемасын табысты шешу бірқатар механи-калық, ұйымдастырушылық, экономикалық және социалдық факторлар мен анықталады. Бүгінгі күндерде, бір машинаны өндірістен шығару үшін өнеркәсіптің әр салаларындағы жүздеген кәсіпорындарының кооперациялық бірлестігі қажет және өнімдердің сапасын көтеру мәселелерін шешу кешенді жүйелік тұрғыдан қарауды талап етеді, үлгі қалыпқа келтіру жүйесін онан ары дамытуды және жетілдіруді жалғастыруды керек етеді.
Ғылым мен техниканың дамуының кәзіргі кезеңінде үлгі қалыпқа келтіру өмірдің барлық салаларына, өндіріске болсын, тұрмысқа болсын терең еніп кетті. Сондықтан, әр-бір адам үлгі қалыпқа келтірудің не екенін өз интуициясы арқылы түсіне алады. Алайда, үлгі-қалыпқа келтіру соншама кең мәселелер шеңберін және қызметтер аумағын қамтитындықтан, оның қысқаша ғылыми анықтамасын беру мүмкін болмайды.
Үлгі қалыпқа келтіру бойынша халық аралық ұйым (НСО) үлгі қалыпқа келтірудің мынадай анықтамасын қабылдаған.
«Үлгі қалыпқа келтіру – барлық мүдделі жақтардың қатысуымен белгілі саладағы қызметтерді пайда үшін тәртіпке келтіру мақсатында ережелер белгілеу және қолдану, сондай-ақ эксплуатация (пайдалану) жағдайларын және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жалпы бірдей оптималды үнемге қол жеткізуді көздеу. Үлгі қалыпқа келтіру ғылым, техника және практикалық тәжірибенің бірлескен жетістіктеріне негізделеді және тек қана қәзіргі емес, сонымен бірге келешек дамудың да негізін анықтайды және де прогресс пен тығыз түрде іске асырылуғы тиіс».
7.2. Үлгі қалыпқа келтірудің пайда болуы және дамуы
Халық шаруашылығын басқарудың барлық деңгейлеріндегі үлгі қалыпқа келтіру жұмыстарын біріктіру мақсатында «Мемлекеттік үлгі қалыпқа келтіру жүйесі» құрылған және қызмет етеді. Жүйе өзара үйлестірілген ережелер мен жағдайлар кешені болып табылады. Кешен үлгі қалыпқа келтірудің мақсатын және міндеттерін, үлгі қалыптардың категорияларын және түрлерін, оларды дайындау, бекіту және енгізу ережелерін анықтайды, сондай-ақ олардың енгізулерін және орындарын бақылауды жүзеге асырады.
Үлгі қалпын – үлгі қалыптау объектісіне талаптар, нормалар, ережелер кешенін анықтайтын және толық құқылы орган бекіткен үлгі қалыпқа келтіру бойынша нормалық – техникалық құжат. Үлгі қалып – үлгі қалыпқа келтіру бойынша нақты жұмыстың нәтижесі.
Үлгі қалыпқа келтірудің негізгі мақсаттары (ГОСТ 1.0 — 68): техникалық прогрессті үдету, қоғамдық өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру, соның ішінде инженерлік және басқару еңбектерінің де, өнімнің сапасын жақсарту және оның оптималь деңгейін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар үлгі қалыпқа келтірудің мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтауды және жұмыс істеушілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ГОСТ 1.0-68 сәйкес үлгі қалыптардың мынадай категориялары бекітілген:
мемлекеттік үлгі қалыптар (ГОСТ);
салалық үлгі қалыптар (ОСТ);
республикалық үлгі қалыптар (РСТ);
кәсіпорындар үлгі қалыптар (СТП).
Үлгі қалыптар белгіленген ықпал өрісінде, қолдану аумағы және жағдайлары шегінде сөзсіз міндетті түрде орындауға тиісті.
Жалпы алғанда, үлгі қалыпқа келтіру объектілеріне мыналар жатады: нақты өнім нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер, белгілеулер т.б. және бұлардың ғылымда, техникада, өнеркәсіпте және ауылшаруа-шылық өндірісінде, құрылыста, көлікте (транспортта), мәдениетте, денсау-лық қорғауда, халық шаруашылығының басқадай салаларында, сондай-ақ халық аралық сауда өрісінде көп қайталанып қолдану келешегі болады.
Атап айтқанда, соның ішінде, мемлекеттік үлгі қалыпқа келтіру объектілеріне ұнамды сандар, шектер (допуски) және орнатулар (посадки), резьбалардың шартты шамалары, сына және ойық науа жалғаулар, тиісті берілістің дәлдік нормалары, номиналь жиіліктер қатары және электр тогының кернеу қатары жатады.
7.3. Электр техникалық бұйымдарды үйлестіру
Электр техникалық бұйымдар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылатыны белгілі жай. Олар, техниканың осы салаларының талаптарына, ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мұның өзі электр техникалық бұйымдардың түрлерінің қыруар көп болуына негіз болып табылады.
Электр техника өнеркәсібінде бұйымдардың номенкулатуралары және олардың орындаулары көп болу жағдайында үлгі қалыпқа келтірудің аса тиімді әдісі-үйлестіру (унификация) жұмыстарын жүргізу маңызды орын алады.
Машина жасау саласында кеңінен қолдану тапқан үйлестіру (унификация) және агрегаттау үлгі қалыпқа келтірудің аса маңызды тәсілдерінің біріне жатады.
Үйлестіру (унификация) — әр түрлі машиналар құрастырғанда функциональдық қызметтері бірдей тетіктердің, құрама бірліктердің, агрегаттардың түрлерінің, типтерінің және мөлшерлерінің сандарын азайту мақсатында құрылым жағынан біркелкі бұйымдарды пайдалану тәсілі.
Агрегаттау (агрегатирование) – орындайтын міндеттеріне байла-нысты машиналарды, жабдықтарды және аспаптарды үйлестірілген (унифи-цирование) агрегаттардың әр түрлі тіркестерімен сандарынан құрастыру тәсілі.
Үйлестіру сипаттамаларын анықтағанда негізгі бірлік ретінде тетік (деталь) қабылданған. Машинаны құрастыратын барлық тетіктер үйлес-тірілген және соны (оригинальный) болып бөлінеді.
Үйлестірілген тетік деп бір ғана таңбалануымен екі және одан көп әр түрлі машиналарда қолданылатын тетікті айтады.
Соны тетік деп тек қана бір нақты машинада қолданылатын тетікті айтады.
Үйлестіру мен агрегаттауды құрылымдар тұрғызу тәсілі ретінде қолдану жобалау мерзімдерін 2…4 есе қысқартуға, жаңа техниканы өндіруді игеру мерзімін елеулі қысқартуға және оны дайындау өзіндік құнын 25…30 % ке төмендетуге жол ашады.
7.4 Электр энергиясын үй-жайлардың ішінде бөліп тарату.
Кабельдер мен сымдардың және оларды бекітуге, ұстап тұруға және қорғауға арналған құрылмалар мен бөлшектердің жиынтығын электр тортын деп атайды.
Электр тартымдарға изолицияланған, орнатылатын сымдар, сондай-ақ көлденең қимасының ауданы 16мм2 дейін резинке не пластмасса изолициялы, саутсыз,метал резинке не пластмасса қабықшалы күш кабельдерді пайдаланылған тұрақты және айнымалы тоқтың күштік, жарықтандырулық және екінші реттік тізбектері жатады.
Электр тартымдар орындалу тәсілдеріне орай ашық және жабық, ал жүргізілу орындарына орай ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Тартылу және эксплуатациялау жағыдайына орай үстінде жеңіл метал қабықшасы,талшық материалдан не талсымнан дайындалған орамасы және торламасы бар бір не бірнеше ширатылған талсымнан не бір не бірнеше изолицияланған тартымдардан тұратын бұл сым деп аталады. Кіші кернеулі электр тарату тораптпрына арналған сымды орнатылатын сым деп атайды. Жылжымалы және тасымалы электр қондырғыларын ток көзіне қосу үшін тарамдарының иілгіштігі жоғарлатылған және изолицияланған сым баулық сым деп аталады.
Сымдар изоляцияланған және изолицияланбаған, қорғанышты және қорғанышсыз болып бөлінеді.
Изолицияланған сымдардың ток өткізетін тарамдары негізінде алюминийден және сирек мыстан дайындалады. Сымдар мен кабельдердың торамдар саны 1-ден 4-ке дейін болады. Тарамдарының стандартталынған көлденең қимасының ауданы мынандай болады(0,5;0,75:1:1,5:2,2,5:4:6:10;16:25:35:50:70,95)
Сымдар маркалары кестеде келтірілген электр тартымдарын жүргізуге сымдармен қатар көлденең қимасының ауданы кіші келетін резинке не пластмасса изолициялы қорғағыштың қабықшасы бар АВРГ, АВВГ,АИРГ және басқа маркалы кабельдер де пайдаланылады.
Ашық электр тартымдарда сымдар мен кабельдер ғимараттар мен құрлыстардың қабырғаларының, жабындарының және басқа құрлыстың құрылмаларының бетінен мынандай тәсілдермен тартылады:ішектерге; тілімдерге; арқан сымдарға; шығырларға; изолиторға бекітілініп метал не бей метал түтіктердің ішінен; науалардың үстінен;қораптардың,иілгішметал шлангтердің,электр техникалық іргеліктердің және маңдайшалардың ішімен және т.б.
Изолиторларға бекітілетін тартым еңбекті көп сіндіруді керек қылады,ал оның жұмыс істеу мерзімі аз келеді. Осы себептен кең қолданылмайды.
Арқан сымдық электр тартым негізінде өндірістік ғимараттарда және мал қораларында пайдаланылады. Бұл тартымда сымдар және көлденең қимасының ауданы 16мм2 -ге дейін сауытсыз кабельдер сондай-ақ көтеріп тұратын арқан сым бар резинке не пластмаса изолициялы арнайы сымдар қолданылады.
Кабельдер мен қорғағышты сымдарды ғимараттардың қабырғалары мен ішкі төбелерінің бетіне тікелей бекітіп электр тартым жүргізуге болады.
Айналасы қоршаған ортаның температурасы 60 -тан аспайтын жағдайда электр тартымды пластмасса (виниллаеб, полиэтилен, полипропилен) түтіктердің ішінен жүргізуге болады. Түтіктер ашық және жабық тартылады.
Болат түтіктер ішінен жүргізілетін электр тартымдар тек «электр қондырғыларын құру ережелерінің »талаптарына қолданылады құрғақ және ылғалды үй-жайларда қалыңдығы жұқа, ал басқа үй- жайларда қалындығы әдеттегідей болат тетіктер пайдаланылады.
Жабық электр тартымдарда сымдар мен кабельдер метал және бей метал түтіктердіңиілгішметалшлангтердің,қораптардың, құрлыстың құрылмалардың каналдары мен қуыстарының ішімен, сылақтың астымен, сондай-ақ құрлыстың құрылмаларды дайындау кезінде олардың ішіне салады.
Ауыл шаруашылық обьектілерінің күштік және жарықтандырғыштардың тораптарының кең қолданылатын сымдары мен кабельдердің маркалары кестеде берілген.
7.5 Сымдардың көлденең қимасының ауданын есептеу
Сымд.колд.қимасының ауд. кернеудің шекті мүмкіндік шығыны бойынша өткізгіштік материалдың минимум шығынына есептеледі. Таңдап алынған көлденең қимасының ауданын механикалық беріктік және қызу бойынша тексереді.
Сымдардың көлденең қимасының ауданын кернеудің шекті мүмкіндік шығыны болйынша анықтауға арналған есептік формула
;
Мұнда: М-жүктеме моменті кВт.м;
-кернеудің шекті мүмкіндік шығыны, % 2,5%(ПУЭ);
С- электр торабының өзекшеліктік коэффицент.
Механикалық беріктілікке тексеру.
Алюминий тарамды сымдардың механикалық беріктігі бойынша көлденең қимасының ауданы мынандай болады: ішкі электр тартымдарға-2,5мм2, сыртқы электр тартымдарға 4,0мм2.
Формула және механикалық беріктік бойынша анықталған көлденең қиманың үлкен ауданын қабылдайды.
Қызуға тексеру.
Таңдап алынған сымдарды қызуға тексергенде
;
Мұнда: ре- есептік қуат. Вт.
Uн-иом. Кернеу, В
пәк
-қуат коэф.
Есептік тоқты Іе ұзақ уақытты мүмкіндік ток мәнімен салыстырады. Осы кезде мына шарт орындалу керек
Jмүм- сым тарамдарындағы қызу шарты бойынша ұзақ уақыттық мүмкіндік ток, А.
Ауыл шаруашылық күштік жарықтандырғыштық тораптарына ұсынылатын
Сымдар мен кабельдер.
Электр тартымының сымның тартылу үй-жайдың
түрі маркасы тәсілі сипаттамасы
1.Ашық,жанбайтын АПВ Изолитор- Әдеттегі
құрылмалардың АПР ларға ыстық,
бетімен бекітіледі ылғал,
дымқыл
үй жайларда
2.Сондай АВВГ, АПВГ қапсыр- Барлық
АВРГ, АПРГ малармен үй жай-
АСРГ бекітілген ларда
3.Сондай АПВ, АПП Түтіктің Барлық
АПРТО ішімен үйжайларда
4.Арқан сымды АВТС-1 өзінің Мал қорал-
АВТС-2 көтеріп арында
АВТВ тұратын
арқан
сымымен
5. Жабық АППВ Түтіктің Өрт және
жанбайтын АПВ ішімен қопарылыс
құрылмалар- АПРВ сылақтын қаупі бар
дың ішінде астында үйжайлардан
басқа ғимар-
аттарда
6.үй жайдың АВВГ қабырғалар-
сыртында ААБ дың сыртымен,
түтіктердің іші-
мен.
7.6 Ауыл шаруашылық кәспорындарында қолдануға ұсынылған электр жабдықтардың сипаттамалары.
Басқару және қорғау аппараттарын таңдау. А.ш қондырғыларды басқаратын арнаулы төменгі вольтті құрылғылардың сипаттамасы.
Бірыңғайланған кіші вольтті РУС(А) типті бөліп таратқыш құрылғылар
РУС(А) типті бөліп таратқыш құрылғылар технологиялық жабдықтардың электр қозғалтқыштарын басқаруға және қорғауға, сондай-ақ электр желісіндегі ернек уақытша жоқ болып кеткеннен кейін қайта пайда болғанда элетр қозғалтқыш өздігінен іске қосылуынан қорғауға арналған.
А әріпі құрылғының ауыл шаруашылығына арналғандығын көрсетеді.
Құрылғы конструкциясы бойынша қабырғаға бекітілетін немесе еденге қондырылатын металл жәшік болып келеді.
Аталуы: мысалы РУС(А)-5911-03Aкелесіні көрсетеді:
1) 5 цифр- құрылғының классын. Қысқаша тұйықталған раторлы асинхронды қозғал басқаруға арналған.
2) Осы классындағы құрылғының тобын көрсетеді
1-реверсивзіс қозғалтқыштарға арнаалған 1ф немесе 2фидерлі құрылғы
4-реверсивті қозғалтқыш.
9- реаерсивсіз және реверсивті қозғалт. 2 фид құрылғы.
3)Екі сонғы цифрлар- осы класындағы немесе осы топтағы құрылғының реттік номері
Дефистейінгі цифрлар келесіні көрсетеді
1цифр- күштік тізбектің номин тоғын
0-25А дейін
1-63А дейін
2-100А дейін
2цифр- күштік тізбек кернеуін
2-220B
3-380B
0-басқару тізбегі жоқ.
РУС(А)-5101-03030 және РУС(А)-5108-03030 типті құрылғылар қуаты 0,25кВт-тан-22 кВт-қа дейін болатын қысқаша түйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыш пайдаланылатын бір қозғалтқышты электр жетектерін ара қашықтықтықтан қолмен басқаруға арналған жетектелу шарты бойынша қозғалтқыш желіге тікелей қосылатын оның айналу бағыты өзгерімейтін болуы керек.
РУС(А)-5929-033 типті құрылғылар НЖ4-200 қондырғысының электр жетектерін қолымен және втоматты басқаруға арналған қондырғының екі электр қозғалтқышы болады: қуаты 30кВт- насостын жетегі және қуаты 1,1кВт- лебедкалын жетегі .Екі жетек те реверсивті келеді.
Басқару пульті шаң мен су кірмейтін болып дайындалған ішіне автоматтар магниттік жүргізгіштер, сақтандырғыштар және кнопкалар орнатылған екі жәшіктен тұрады. Насос қол режимінде кнопкалармен, ал автоматты режимде программалы уақыт релесімен басқарылады.