
КВАРКТЕР – қазіргі кездегі түсінік бойынша бүкіл адрондар (бариондар және мезондар) құралған болжалдық материалдық нысандар. Кварктер туралы болжалды 1964 жылы американ физиктері: Мюррей Гелл-Манн (1929 ж.т.) және Джордж Цвейг (1937 ж.т.) бір-біріне қатыссыз ашқан. «Кварк» деген атау 1939 жылы ағылшын жазушысы Джеймс Джойстың (1882 – 1941) «Финнегагға ас беру» деген романынан алынған, «кварк» атауы – мағынасыз сөз. Кварктер туралы болжал резонанстардың көптеп ашылуына және оларды жүйеге келтіру- дің қажеттілігіне байланысты туындаған. Кварктер болжалы адрондарды (яғни бариондарды, мезондарды, резонанстарды) жүйелеу мен оның динамикасын түсіндіру үшін қажет болғанымен, олар бос күйінде әзірше табыла қойған жоқ (жоғары энергиялы үдеткіштермен ізделгенімен, олар ғарыштық сәулелерден де және қоршаған ортадан да кездестірілген жоқ).
Қарапайым бөлшектер үдеткіштерімен жүзеге асырылған ғылыми тәжіри- белер күшті өзараәсерлесуші бөлшектер – адрондардың белгілі бір құрылымы болатынын аңғартқан, яғни олар құрама нысандар болып табылады. Кварктер (және олардың антибөлшектері – антикварктер) туралы түсінік алғашында – шектеулі құраушылардың жиынтығының әртүрлі байланысқан күйлері ретінде байқалған бүкіл мезондарды, бариондарды және резонанстарды сипаттауға мүмкіндік жасайтын адрондардың құрама модельдерінің шеңберінде пайда бол- ған. Бариондарды үш кварктің байланысқан күйі ретінде сипаттау, кварктер спиндерінің 1/2 (бүтіннің жартысындай) болуын қажет еткен.
Кварктердің әртүрлі бес тобы бар деп болжалданған. Олар: d-кварк (down – төменгі), u-кварк (up – жоғары), s-кварк [stronge – ғажап (ғажапты- лығы s = -1)], c-кварк (charm – таңырқарлық), b-кварк (beauty – сұлулық), t-кварк (top, truth – жоғарғы).
Алтыншы t-кварк болжалданған. Кварктерді х о ш и і с п е н (а р о м а т п е н) сипаттау қабылданған. Оған ғажаптық, таңырқарлық, сұлулық, әдемілік жа- тады, бұлардың барлығының ерекше заряды бар, олар өзараәсерлесулердің көздері болып табылмайды. Хошиісті кварктер құрамына берілген кварк енетін бөлшектерге ауысады.
Кварктік болжал бойынша, бариондар үш кварктен (антибариондар – үш антикварктен) құралған, мезондар – кварктерден және антикварктерден құралған. Алғашқы кездегі белгілі болған бүкіл адрондарды үш типті кварк- терден құруға болатын: u, d және s; олардың спиндері 1/2, бариондық заряды 1/3 және электр зарядтары сәйкес түрде 2/3, – 1/3 және – 1/3 (қарапайым заряд – e-ге тең). Ғажап бөлшектің құрамына s-кварк (ғажаптылықты тасушы) енген. Кейіннен кварктер туыстығын кеңейту қажеттілігі туған. «Таңданарлық» с-кваркі және «сұлу» t-кваркі енгізілген және адрондардың жаңа «туыстары» алдын ала болжанған, олардың бірқатары («ғажап» мезондар, «ғажап» бөлшектер, ипсилонбөлшектер) ашылған. Өзге де кварк типтерінің, дербес жағдайда t-кварктердің болуы мүмкін.
Бірқатар бариондар (мысалы, Δ++, Ω) бірдей үш кварктен құралған, олардың күйлері бірдей болған, Паули принципі бойынша бұл жайтқа тыйым салынған. Сондықтан кварктің әрбір типіне («хошиіске») қосымша ішкі сипаттама – «түс» деген үш мән қабылдай алатын кванттық сандар меншіктелген. Бариондарға үш кварктің комбинациясынан құралған «түссіз» кванттық сандар сәйкес келеді.