
КВАРКОНИЙ – ауыр кварктен және оның антикваркінен құралған мезон. Кварконий – кварк-антикварк жұбынан құралған атомға ұқсас жүйе. Бұл 1974 жылы ашылған. Кварконий қарапайым бөлшектер физикасында күшті өзараәсерлесуді анықтайтын «сынама» ретінде пайдаланылуы мүмкін. Квар- конийдің ыдырауы кезінде глюондар бөлінеді. Кварконий әлсіз өзараәсерлесуді зерттеуге арналған қолайлы нысан. Кварконий кейде кваркатом деп те аталады.