
КВАРЦТІК ГЕНЕРАТОР – құрамына кварцтіқ резонатор енген, тербелмелі жүйелі электрмагниттік тербелістердің автогенераторы. Жоғары тұрақты жиі- лікті тербеліс шығаруға арналған. Электрлік сұлбасының құрылыстық принципі әдеттегі электрмагниттік тербелістер генераторындағыдай. Тербелістік жү- йенің параметрлері энергияның көпшілік бөлігі кварцтік резонаторда шо- ғырланатындай болып таңдалады. Кварцтік резонатор кварц кристалынан пластина, сақина немесе сом жолақ пішінді болып жасалған. Осындай пъезоэлектрлік резонаторда энергия шығыны өте аз, сапалылығы жоғары ~104÷105, оған қоса өлшемі кіші болады. Кварцтік генератор тұрақты температурада ва- куумде орналастырылады. Мұның қуаты әдетте бірнеше Вт-тан аспайды.