Орташа жылдамдық – нүктенің біраз уақыт аралығындағы орташаланған шапшаңдығы.
Релятивтік жылдамдық – бөлшектердің арнайы салыстырмалық теория алдын ала болжаған эффектілер айқын білінетін кездегі жарықтың вакуумдағы жылдамдығына жуық қозғалу шапшаңдығы.
Салыстырмалы жылдамдық – 1. Нүктенің санақ жүйесіне қатысты қозғалу шапшаңдығы. 2. Нүктенің салыстырмалы қозғалысы себеп болатын абсолюттік жылдамдықтың құраушысы.
Фазалық жылдамдық – толқындар фазаларының таралу шапшаңдығы.