
Нүктенің бұрыштық жылдамдығы – нүктенің радиус-векторының бұрылу бұрышының осы бұрылу болған уақыт аралығына қатынасы.
Жарық жылдамдығынан төмен болатын жылдамдықтар ариф- метикалық қосу ережесі бойын- ша анықталады. Егер аттың жылдамдығы υ болса, ал садақ жебесінің ұшу жылдамдығы U болса, онда атты адамның жебесінің ұшу жылдамдығы υ+U болатыны белгілі. Поли- ция көлігінің жылдамдығы мен сиренаның тарататын дыбыс жылдамдығы да осы секілді қо- сылады, ал жарық жылдамды- ғына қарайлас жылдамдықтарды қосу өзге ережеге бағынады.