ЖЫЛДАМДЫҚ

ЖЫЛДАМДЫҚ, м е х а н и к а д а ғ ы – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі; υ = dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиусвекторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі нүктенің жылдамдығы сан жүзінде жүрілген жолдың (S) уақыт аралығына (t) қатынасына тең, яғни  υ = S/t, жалпы жағдайда сан жүзінде  υ = dS/dt. Жылдамдық векторы нүкте траекториясының жанамасы бойынша бағытталған. Егер нүктенің қозғалысы оның декарттық координаттарының (х, у, z) t-ге тәуелділігін өрнектейтін

теңдеулермен берілген болса, онда  υ=2 22 , мұндағы  υx = dx/dt,  υy = dy/dt,  υz = dz/dt, ал жылдамдық векторлары бұрыштар косинустары координаттар өстерімен сәйкес түрде  υx/ υ,  υy/ υ,  υz/ υ қатынастарын құрайды. Жылдамдық әдетте м/сек (Халықаралық бірліктер жүйесінде) немесе км/сағ бірлігімен өлшенеді.

ЖЫЛДАМДЫҚ – физикалық айнымалы шама өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығының қатынасымен анықталатын әлгі физикалық шаманың өзгерісінің шапшаңдығы.

Абсолюттік жылдамдық – нүктенің санақтың абсолют жүйесіне қатысты қозғалысының шапшаңдығы.

Ғарыштық бірінші жылдамдық – дененің Жердің жасанды серігіне айналуы үшін оған берілуі қажет ең аз шапшаңдық.

Ғарыштық екінші жылдамдық – дененің Жердің тартылыс өрісіндегі ұшу орбитасы параболалық орбита болуы үшін, оған берілуге қажет ең аз шапшаңдық.

Ғарыштық үшінші жылдамдық – дененің Күннің тартылыс күшін жеңіп, Күн жүйесінен тысқары ұшып шығуына қажет шапшаңдық.

Дыбыс жылдамдығы – серпімді толқынның қалпы өзгермейтін жағдайдағы қозғалыс шапшаңдығы.

Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы – кез келген электрмагниттік тол- қындардың таралу шапшаңдығы және кез келген физикалық ықпалдардың та- ралуының шекті шапшаңдығы; іргелі физикалық тұрақты шама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *