ЖҰҚА ҚАБАТТАР ОПТИКАСЫ

ЖҰҚА ҚАБАТТАР ОПТИКАСЫ – физикалық оптиканың қалыңдықтары жарық толқындарының ұзындығымен өлшемдес болатын заттардың жарық жұтпайтын бір немесе тізбектелген бірнеше қабаттан өткен жарықтың қасиетін зерттейтін саласы. Жұқа қабаттар оптикасының ең басты ерекшелігі – қабаттардың үстіңгі және астыңғы шекараларынан ішінара шағылысқан жарық толқындарының арасындағы жарықтың интерференциясы болып табылады. Өтетін немесе шағылатын жарық интерференцияның нәтижесінде күшейеді немесе әлсірейді, эффект қабаттардың оптикалық қалыңдығының сәуле жүрістерінің айырымына енгізетін жарық толқынының ұзындығына (немесе толқындар ұзындығының жиынтығына), сәуленің түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады.

Жұқа қабаттар әйнектен, кварцтан немесе басқа оптикалық орталардан заттарды термиялық буландыру және салмақты қабаттар бетіне шөктіру, химиялық шөктіру, катодтық тозаңдату немесе қабаттық материалды таңдалып алынған затпен химиялық реакцияға түсіру арқылы дайындалады.

Жұқа қабаттар оптикасының іс жүзінде қолдануының маңыздысы оптикалық бөлшектер (линза, пластина, т.б.) беттерінің шағылдыру қасиеттерін кеміту. Мұндай шағылдыру коэффициенттері болатын айналар 50–99,5% жарықты шағылдырады. Жұқа қабатты оптика лазерлерде және жарықтың кванттық күшейткіштерінде; айырғыштығы жоғары (мысалы, Фабри-Перо интерферометрі) аспаптар жасауға; түрлі түсті телевизияда қолданылатын дихроизмді (түрлі түсті) айналар жасауға; интерференциялық микроскопияда қолданылады. Жұқа қабаттар оптикасының эффектілеріне Ньютон сақинасы, бірдей көлбеулікті жолақтар, бірдей қалыңдықты жолақтар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *