ЖҰҒУ

ЖҰҒУ – сұйықтың қатты денелердің бетімен немесе өзге сұйықтармен жанасуы кезінде пайда болатын құбылыс. Дербес жағдайда газбен (бумен) немесе басқа сұйықпен жанасатын қатты дене бетінен сұйықтың жайылуымен білінеді. Жұғу капилляр түтігінде менискі (капиллярдағы майысуын – сұйық бетінің ойыстануын немесе дөңестенуін) тудырады, тамшының қатты беттегі

пішінін немесе газға, сұйыққа батырылған дене

Су әйнекке жұғады, ал сынап

бетіндегі көпіршіктің пішінін анықтайды. Жұғу жұқпайды көп жағдайда үш фазаның (дене, орта) жанасу зонасындағы молекулааралық өзараәсерлесулерінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Бірақ көптеген жағдайларда, мысалы, сұйық металдардың қатты металдармен, тотықтармен, алмаспен графит- Сұйықтың ыдыстың қабырға- пен жанасуы кезіндегі жұғу молекулааралық сына жұғуы немесе жұқпауы

сұйықтың бос бетінің пішініне

өзараәсерлесулерінен емес, қатты және сұйық әсер етеді.

ерітінділердің, жұқтырылушы денелердің беттік қабаттарында химиялық қосылыстардың қатты және сұйық ерітінділердің пайда болуынан, диффузиялық үрдістердің (процестердің) пайда болуымен байланысты.

Жұғу үрдісі кезінде жұғулық жылу деп аталған жылудың бөлінуі мүмкін.

Жұғудың өлшеуіші әдетте жиектік бұрыш (немесе жұғу бұрышы θ) болады. Бұл бұрыш – жұқтырылатын бет пен сұйықтың жұғу бетінің периметрі арасындағы бұрыш болып табылады (1-сызба). Жұғу тепе-теңдік жағдайда сұйықтың керілу бетімен (σс) қатты дененің керілу бетімен (σқ) және қатты дене – сұйық шекарасындағы фазалық керілумен (σқс) Юнг теңдеуімен: соs θ  (σқ–σқс) σс байланысқан. θ  бұрышының шамасы беттердің әртүрлі сұйықтарға қатысты сандық (мөлшерлік) сипаттамасы болып табылады. Сұйық өзімен шектесетін еріткіштермен қарқынды өзараәсерлесетін бетте (лиофилді бетте), яғни ішінара (0° < θ < 90°) немесе толықтай (θ → 0°) жайылып кетеді; еріткішпен әлсіз өзараәсерлесетін бетте (лиофобтық бетте) сұйық жайылмайды (θ > 90°) (2-сызба).

Жиектік бұрыш сұйық молекулаларының ілінісу күштерінің жұғушы дененің молекулаларымен немесе атомдарымен ілінісу (адгезиялық) күштерінің және сұйық молекулаларының өзара ілінісу (когезиялық) күштерінің қатынастарына тәуелді. Жиектік бұрыштардың жиі-жиі кешігуі жұғудың г и с т е р е з і деп аталған. Егер қатты дене өзара араласпайтын екі сұйықпен жанасатын болса, онда талғамалы жұғу болады. Өнеркәсіпте жұғу құбылысының пайдасы бар. Жақсы жұғу сырлау және кір жууда, лакты-сырлау жұмыстарында қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *