ЖҰҚА ТҮЗІЛІС

ЖҰҚА ТҮЗІЛІС, мультиплеттік бөлшектенуспин-орбиталық өзараәсерлесу себепші болған атомдардың, молекулалардың және кристалдардың энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтарының бөлшектенуі. Энергия деңгейлерінің кіші деңгейлерге бөлшектену саны спиндердің мүмкін болатын бағдарлануына [мультиплеттілігіне (ߵ)] тәуелді және де ߵ мультиплеттілігінен артық болмайды; дербес жағдайда, сілтілік металдардың атомдары үшін сыртқы электрондар спинінің екі бағдарының (ߵ = 2) болуы мүмкін және олардың деңгейлері екі кіші деңгейге (дублетті бөлшектену), сызықтар – өзара жақын орналасқан екі сызыққа (дублеттерге) бөлшектенеді.

Жеңіл атомдар үшін энергиялардың «жұқа» деңгейлерге бөлшектену шамасы 10-5 эВ (электрон-Вольттан) артық болмайды, ал спектрлік сызықтарға сәйкес келетін (толқындық сандармен) шамалар – бірнеше см–1-ден артпайды. Ядроның зарядтары артқан сайын энергиялар деңгейлерінің бөлшектенуі күшті артатын болады, ауыр атомдардың энергия деңгейлері үшін жіктелу эВ-тың ондық үлесіндей бола алады, сол себепті «жұқа» болудан қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *