ДИССИПАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ (латынша – шашырау), механика лық жүйедегі – толық (яғни, кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысына тең болатын) механикалық энергиясы қозғалыс кезінде энергияның өзге түріне ауыса отырып (мысалы, жылуға) кемитін жүйе. Осы үрдіс механикалық энергияның диссипациялық үрдісі деп аталған; ол әртүрлі кедергілердің (үйкелістің) нәтижесінде пайда болады, сонымен қатар диссипатциялық күштер деп аталған. Үйкеліс болатын кезде қатты дененің өзге бір қатты дененің бетімен қозғалысы; қозғалыс кезінде бөлшектерінің арасында тұтқырлық күш (тұтқырлық кедергі) әсер ететін сұйық пен газдың қозғалысы диссипатциялық жүйеге мысал болады.
Диссипациялық жүйенің қозғалысы баяулайтын немесе өшетін, сондай-ақ үдемелі бола алады. Мысалы, серіппеге ілінген m жүктің (сызбада, а) тербелісі ортаның кедергісінің және серіппенің жасалған материалда деформациялар кезінде пайда болатын ішкі (тұтқырлық) кедергілерінің салдарынан өшетін болады. Сырғанау күші үйкеліс күшінен артық болған кездегі (сызбада, б) m жүктің көлбеу жазықтың кедір-бұдыр бетімен қозғалғанда пайда болатын қозғалыс үдемелі болады. Сонымен бірге оның υ жылдамдығы, сондықтан кинетикалық энергиясы Т = mυ2/2 (мұндағы m – жүктің массасы) уақыт өткен сайын арта түседі, бірақ осы арту потенциалдық энергияның П = mgh (g – еркін түсу үдеуі, h – жүктің тұрған биіктігі) кемуінен баяу болады. Осының салдарынан жүктің толық механикалық энергиясы Т+П барлық уақытта кемитін болады.
«Диссипациялық жүйе» ұғымы физикада барлық жағдайда реттелген үрдістердегі энергия реттелмеген үрдістердегі энергияға ауысқанда механикалық емес жүйелерге де қатысты қолданылады, ақыр соңында молекулалардың жылулық (ретсіз) қозғалысына ауысады. Контурлар жүйесі электр тогының тербелісі өтетін контурлар жүйесінде омдық кедергілердің болуы себепті өшетін жүйе де – диссипациялық жүйе болады; бұл жағдайда электр энергиясы джоульдік жылуға ауысады.
Жер жағдайында сырттан энергия алмайтын жүйе кедергілер күшінің болуы себепті іс жүзінде диссипациялық жүйе болып табылады. Оларды кедергілер күшін елеусіз қалдырылған жағдайда тек жуық шашамен ғана механикалық энергиясы сақталатын консервативтік жүйе ретінде қарастыруға болады. Бірақ консервативтік жүйенің де диссипациялық жүйе болмауы мүмкін, егер ондағы диссипациялық энергия сырттан келетін энергиямен есесі қайтарылатын болса ғана әлгіндей бола алады. Мысалы, жеке қарастырғанда маятникті сағат үйкелістің кедергісі нәтижесінде диссипациялық жүйе болады, оның тербелісі (сызбада а жағдайдағы жүктің тербелісі секілді) өшетін болады. Сырттан ауық-ауық энергия «ағыны» келетіндіктен (серіппені бұрау немесе гирдің төмен түсуі нәтижесінде) энергия диссипациясының есесі қайтарылғандықтан маятник автотербелісін жалғастыра береді.