
ДИССИПАЦИЯ (латынша – шашырау) – 1) энергияның диссипациясы – реттелген қозғалыс энергиясының (мысалы, электр тогының энергиясының) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясына (жылуға) ауысуы; 2) атмосфе- раның диссипациясы – атмосфера газдарының (Жердің, өзге ғаламшарлардың және ғарыштық денелердің) қоршаған ғарыштық кеңістікке біртіндеп сейілуі.