ДИССОЦИАЦИЯ

ДИССОЦИАЦИЯ (латынша – ажырау) – молекулалардың, радикалдардың, ионның немесе кешенді (комплексті) қосылыстардың екі немесе бірнеше бөлікке ыдырауы. Диссоциацияны индукциялайтын факторларға – температураны арттыратын немесе жарық әсерлеріне – тәуелді түрде диссоциациялар термиялық немесе фотохимиялық деп аталған. Диссоциацияның мөлшерлік сипаттамасы – диссоциация дәрежесі, яғни диссоциацияланатын молекула мөлшерінің берілген заттың бүкіл молекулаларының мөлшеріне қатынасы болып табылады. Диссоциация энергиясы (химиялық байланыс энергиясы) электрондық соққы арқылы, спектрскопиялық және кинетикалық әдістермен анықтала алады. Молекулалардың ерітіндідегі ыдырауы электролиттік дисссоциация деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *