ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУ

ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУ, қ а р ап а й ы м б ө л ш е кт е рд і ң – барлық белгілі іргелі өзараәсерлесулердің ең әлсізі. Бұл өзараәсерлесудің білінуі оның қашықтан әсер ету сипатына және макроскоптық масштабтарда гравитациялық эффектілердің когерентті күшейтілуіне байланысты. Макроүрдістердегі (макропроцесстердегі) гравитациялық өзараәсерлесу эффектісі гравитациялық тұрақты шамамен – G≈6,67·10–8 см3 г–1с–2 сипатталады. Релятивтік емес (салыстырмалы емес) жағдайда екі бөлшектің гравитациялық өзараәсерлесуінің потенциалдық энергиясы (U) олардың массаларымен (m1 және m2) және бұлардың арақашықтығымен (r) Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша анықталады: U = G m1 m2/r. Қарапайым бөлшектердің гравитация- лық өзара әсерлесуін анықтау үшін осы заңды қолданатын болсақ, мысалы, арақашықтығы r=10–13 см екі протонның гравитациялық өзараәсерлесуі үшін U ≈ 1,7·10–42 эрг ≈ 10–36 МэВ, бұл шама әлгі екі қарапайым бөлшектің электрстатика- лық (кулондық) өзараәсерлесуінен 10 еседей аз. Сондықтан қарапайым бөлшек- тер үшін гравитациялық өзараәсерлесу тәжірибелерде ескерілмейді. Гравитация- лық өзараәсерлесудің релятивтік классикалық теориясы Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясы болып табылады, әлсіз гравитациялық өріс шегінде (релятивтік емес жағдайда) Ньютонның тартылыс теориясына ауысады. Өте күшті гравитациялық өрісте күшті электрмагниттік өрістердегідей жұптардың пайда болу үрдістеріне (процестеріне) ұқсас бөлшектердің пайда болу кванттық үрдісінің жүзеге асырылуы мүмкін. Осы үрдістердің теориялық сипатталуы жалпы салыстырмалық теория негізінде қарастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *