ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ҚАРМАУ

ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ҚАРМАУ, т а р т ы л ы с т ы ң р е л я т и в т і к т е о р и я с ы н д а ғ ы – таза гравитациялық эффектілер бойынша шексіздіктен ұшып келетін бөлшектерді тарту орталықтарының қармау құбылысы.
Ньютондық тартылыс теориясында екі дененің таза гравитациялық қармалу мәселесі мүмкін емес. Шексіздіктен ұшып келетін бөлшектің толық энергиясы теріс емес болатындықтан, тартушы орталыққа қатысты парабола немесе гипербола бойынша қозғалады да, қайтадан шексіздікке ұшып кетеді.
Жалпы, салыстырмалық теориясында егер тартушы орталық қара апан болса, гравитациялық қармау мүмкін болады. Осы жағдайда, егер бөлшектің траекто- 225 риясы қара апанға жеткілікті жақын келетін болса, бөлшек гравитациялық қар- мауға шалдығады да қара апанға құлап түседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *