ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ

ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ – кеңістікте жарық жылдамдығымен тара-
латын толқын түріндегі электрмагниттік сәулеге ұқсас еркін (өзін тудыратын көзбен байланыспаған) гравитациялық өріс. Бұл сәуле массалардың (денелердің) бірқалыпты емес (бірқалыпсыз) қозғалысы кезінде пайда болады. Гравитация- лық толқындардың болуы Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясынан туындайды. Гравитациялық сәуле ғылыми тәжірибе жүзінде анықталмаған, оған заттармен өзара әсерлесуі барынша әлсіз болуы себеп болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *