ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ

ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ – айнымалы үдемелі қозғалатын денелердің (массалы) гравитациялық толқындар шығаруы. 1916 жылы Альберт Эйнштейн (1879 – 1955) тұжырымдаған жалпы салыстырмалық теориясы (тартылыстың релятивтік теориясы) вакуумда жарық жылдамдығымен тарала- тын гравитациялық толқындық сипаты болатын гравитациялық өріс ұйытқуы- ның болатынын алдын ала болжаған. Әлсіз ұйытқу кезінде гравитациялық сәуле шығару полярлану күйіндегі екі толқынды анықтайтын екі тәуелсіз құраушысы болатын көлденең толқындық сипатта болады. Гравитациялық толқын энергия мен импульс тасиды. Бұлар денелерге ықпал ете отырып олардың бөліктерін са- лыстырмалы түрде ығыстырады (денелерді деформациялайды). Гравитациялық сәуле шығаруды анықтау осы жайтқа негізделген. Бірақ осы кезге дейін гра- витациялық сәуле табылған жоқ, оған себеп қарқындылығы өте аз болуы және олардың заттармен әлсіз әсерлесуі себеп болатын секілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *