ГИПЕРЯДРО

ГИПЕРЯДРО – құрамына нуклондармен бірге гиперондар енетін ядроға ұқсас жүйе. Алғашқы лямда-гиперядронды 1952 жылы поляк физиктері Мариан Даныш (1909 – 1983) пен Ежи Пневский (1913 – 1989) ядролық фотографиялық эмульсия арқылы ашқан. Лямда-гиперядро жоғары энергиялы бөлшектердің ядро нуклондарымен өзараәсерлесуі немесе ядроның баяу К– -мезондарды қармау кезінде пайда болады. Осының нәтижесінде жүйені ядромен байланыстыратын баяу лямда-гиперон туындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *