ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ

ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ

Ғылыми стиль — зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, нақты дәлелдер арқылы білдіретін функционалды стильдің бір түрі. Қызметіне қарай ғылыми стильге нақтылық, логикалық және маз мұн дәлділігі қажет. Ғылыми стильде  сөйлемдегі  сөздердің  қалыпты орны, тіл нормалары қатаң сақталады. Стильдің бұл түрінде көп мағыналы сөздер қолданылмай, сөз бір ғана өзінің лексикалық мағынасында қолданылады.  Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды. Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты  ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *