ГЕЛИКОН

ГЕЛИКОН (грекше «геликос – сақина, спирал»), с п и р а л ь т о л қ ы н – тұрақты магнит өрісінде орналасқан өткізгіштерде (металдарда, жартылайөткізгіштерде, плазмада) пайда болатын және таралатын салыстырмалы түрде әлсізденіп сөнетін төменгі жиілікті электрмагниттік толқын. Геликон газды және ионсфералық плазмада таралатын ысқырғыш атмосфериктерге ұқсас. Геликон Холл эффектісі негізінде әрқилы шоғырланған ток тасығыш өткізгіштерде (мысалы, электрондық өткізгіштікте (n1) және кемтіктік өткізгіштікте (n2) пайда болады. Геликон магниттік өріске перпендикуляр бағытта таралмайды. Геликондардың өшуі заряд тасушылардың фонондар мен кристалдық торлардың ақауларымен соқтығысуларының, сондай-ақ соқтығысусыз резонанстық жұтылу салдарынан туындайды төменгі температуралар кезінде таза металдарда резонанстық жұту маңызды болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *