
ГЕНЕРАТОР (латынша – өндіргіш) – электр энергиясын тудырушы (электрмашиналық, электрондық шамды, бутурбиналы, гидротурбиналы) немесе энергияның бір түрін өзге түрге (тербелістердің, ультрадыбыстың, электр импульстердің, радиосигналдардың) түрлендіруші құрылғылар немесе қондырғылар.
Ван де Грааф генераторы – электрстатикалық генератордың бір түрі. Мұны 1931 жылы американ физигі Роберт Ван де Грааф (1901 – 1967) ойлап тапқан.
Гартман генераторы – дыбыс және ультрадыбыс толқындарын тарататын газ ағынды құрылғы.
Кванттық генератор – еріксіз сәуле шығару құбылысы пайдаланылған электрмагниттік толқындар тарататын көз және лазер мен мазер түрлері болып табылады. Бұл генераторды 1954 жылы орыс физиктері: Николай Басов (1922 – 2001), Александр Прохоров (1916–2002) және американ физигі Чарльз Таунс (1915 – 2015) ойлап тапқан.
199 Кварцтық генератор – пьезоэлектрлік эффект пайдаланылған жоғары жиілікті электрлік тербелістер тудыратын көз.
Магниттік-гидродинамикалық генератор (МГД-генератор) – әсері электрөткізгіш сұйықтың немесе плазмадағы электрмагниттік индукциялық құбылыстарға негізделген жылу энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.
Молекулалық генератор – молекулалардың еріксіз кванттық ауысулары салдарынан когерентті электрмагниттік тербелістер тудыратын кванттық генератор.
Оптикалық кванттық генератор – лазер дегенмен мағыналас атау.
Параметрлік генератор – жарықтың белгіленген жиіліктегі жарық толқынының энергиясын едәуір төменгі жиілікке түрлендіретін кванттық генератор.
Электрстатикалық генератор – электр зарядтарын механикалық тасымалдау арқылы жоғары тұрақты электр кернеуін тудыруға арналған құрылғы. Бұл құрылғы әдетте Ван де Грааф генераторы деп те аталады.