
ГЕЛИЙ-НЕОНДЫ ЛАЗЕР – неон газының атомдарының энергия деңгейлерінің арасындағы энергетикалық ауысулар негізінде тудырылатын атомаралық газдық ла-
зер. Бұл барынша көп таралған газразрядты лазер болып табыла- ды. Құрылысы қара- пайым, аумағы шағын, қоректенетін қуаты аз (10 – 100 Вт). Шыға- рылатын сәулесінің толқын ұзындығы
632,8 нм (нанометр).
Гелий-неонды лазерде иондар (1) жоғары кернеу (2) көзінің электр өрісінде үдетіледі және гелий атомдарын (3) қоздырады. Олар соқтығысқан кезде неон атомдарына (4) энергия береді. Фотон неонның қоздырылған атомдарымен соқтығысқан кезде жарық күшейіп олардан жарық шығартады. Фотондар ішінара күмістелген айналардан (5) бірнеше рет шағылысқан соң лазерлік сәуле пайда болады.