
ГЕЙГЕР-НЕТТОЛ ЗАҢЫ – α-радиоактивті ядролардың жартылай ыдырау периоды мен ұшып шығатын α-бөлшектер энергиясы арасындағы байланы-
сты тұжырымдайтын заң: lg T1/2 = A/α + B, мұндағы ࣟα – α-бөлшектің МэВ өлшеміндегі энергиясы, Т1/2 – жартылай ыдырау периоды, А және В – тұрақты шамалар. Бұл заңды 1911 – 12 жылдары неміс физигі Ханс Гейгер (1882 – 1945) және Дж. Неттолл тәжірибе жүзінде ашып, кейін 1928 жылы оны теория жүзінде түсіндірді. Бұл заң жартылай ыдырау периодын тікелей өлшеу арқылы анықтау мүмкін болмайтын ядроларға қолданылуы ықтимал.