Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын-мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.
Әдебиеттану жайлы, оның ғылыми салалары жайлы, әрбір ғылыми саланың өзара нық байланыстары жайлы яки «заттың тарихы жоқ жерде заттың теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде оның тарихы туралы тіпті сөз болуы мүмкін емес, өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның мағынасы мен шегарасы туралы мүлде ұғым болмайтыны» [1] жайлы айттық.
[1] Чернышевский Н.Г. Эстетика и поэзия. СПБ, 1893. стр. 112.
З.ҚАБДОЛОВ