ГЕЙ-ЛЮССАК ЗАҢЫ

ГЕЙ-ЛЮССАК ЗАҢЫ – 1) тұрақты қысым кезінде газдың берілген массасының көлемі температурамен сызықтық байланыста болатынын айғақтайтын негізгі газ заңдарының бірі: Vt = V0 (1+αvt), мұндағы V0 және Vt – температураның бастапқы және соңғы кездеріндегі көлемдер, t – осы температуралардың айырымы, αv – барлық газдар үшін 1/273,15 К–1 шамасына тең, тұрақты қысымдағы газдардың жылулық көлемін ұлғайту коэффициенті. Бұл заң идеал газдар үшін тура; нақты газдар үшін кризистік (шұғыл өзгерісті) шамаларға тең болмайтын температура мен қысым мәндерінде ғана осы заңға бағынады. Клапейрон теңдеуінің дербес жағдайы болып табылады. Осы заңды 1802 жылы француз физигі әрі химигі Жозеф Гей-Люссак (1778–1850) ашқан.
2) Химиялық реакцияға қатыспақшы газдардың көлемдері бірінің-біріне және реакцияның газ тәрізді өнімдеріне қатынастары жай қатынаста, яғни үлкен емес бүтін сандар қатынасында болатындығы, мысалы, 1:1:2 (көлемдік қатынастар заңы) растайтын заң. Мұны 1808 жылы Ж.Гей-Люссак ашқан. Авогадро заңын ашуда маңызды болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *