ВАКУУМ

«ВАКУУМ» – Әбу Насыр әл-Фарабидің (870–950) іргелі еңбектерінің (трактат) бірі. Бұл еңбектің арабша нұсқасы түрікше және ағылшынша аудармаларымен бірге 1951 ж. Түркияда басылып шықты. әл-Фараби бұл еңбегінде вакуумның жоқ екендігін ежелгі гректерде кездесетін тәсілмен (яғни ғылыми тәжірибелік зерттеулер негізінде) және физика ғылымының сол кезеңдегі жетістіктер бойынша жасалған логикалық қорытындыға сүйене отырып дәлелдеуге ұмтылған. Ол бұл трактатында вакуум жөнінде бірін-бірі жоққа шығармайтын екі пікір ұсынды: бірінші пікірінде материяда мүлдем бос кеңістік, яғни абсолют бостық жоқ, бірақ ол материяның жаратылысы бізге белгісіз десе, екінші пікірінде әл-Фараби салыстырмалы түрде бостықтың болуы мүмкін екенін аңғартып, бірақ ол шын мәніндегі абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік деген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *