
ВАКУУМ, ф и з и к а л ы қ – өрістердің кванттық теориясында – қандай да бір нақты бөлшектердің болмайтындығымен сипатталатын кванттық өрістердің төменгі энергетикалық күйі. Бұл вакуумның барлық кванттық сандары (импульсі, электр заряды, т.б.) нөлге тең. Бірақ та бұл вакуумдағы виртуалдық үрдістердің (процестердің) мүмкіндігі нақты (реал) бөлшектердің вакууммен өзара әсерлесуі кезінде бірқатар айрықша эффектілер (деңгейлердің ығысуын, т.б.) туындатады. «Физикалық вакуум» бүкіл өзгедей күйлердің қасиеттерін анықтайтын негізгі мағынадағы ортақ ұғым болып табылады, себебі, әлгі күйлердің кез келгені бөлшектер туындайтын операторлардың вакуумдық әсерлерінен алынуы мүмкін. Бірқатар жағдайларда, мысалы, симметрияның өз еркімен бұзылуы кезінде, вакуумдық күй жалғыз ғана күй болмайды – бір-бірінен голдстоундық бозондар саны деп аталатын сандармен өзгешеленетін осындай күйлердің үздіксіз түрлері болады.