ВАКУУММЕТР

ВАКУУММЕТР (латынша «вакуум» + грекше «метрео – өлшеймін») – газдардың атмосфералық қысымнан төменгі 760-тан 10–13 мм сынап бағанына дейінгі (105–10–11 Па) алқаптағы қысымды өлшеуге арналған аспап. Аталған алқаптағы қысымды өлшеуге арналған әмбебап өлшеу әдісі жоқ; сондықтан әрқилы газбен тікелей немесе жанама байланысқан физикалық заңдылықтар пайдаланылады. Сұйықтық, деформациялық, компрессиялық, радиометрлік, тұтқырлық, жылулық, иондауыштық, т.б. вакуумметрлер бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *