
ВАЛЕНТТІЛІК (латынша «валентиа – күш») – элементтер атомдарының химиялық байланыс құру қасиеті; мөлшері сан мәнімен сипатталады. Валенттілікті атомның сыртқы электрондық қабықшасының (валенттік элементтің) электрондарының белгілі бір бөлігін беру немесе өзіне қосып алу қасиеті ретінде қарастыруға болады. Иондық байланыс жағдайында валенттілік – берілген атомның беретін немесе қосып алатын электрондар санына; коваленттік байланыс жағдайында валенттік ортақтастырылған электрондар жұбының санына тең. Көптеген элементтер қандай байланыстарға енетіндігіне тәуелділігіне орай әртүрлі валенттілікке ие болады.