ГЕЙГЕР-МЮЛЛЕР САНАУЫШЫ

ГЕЙГЕР-МЮЛЛЕР САНАУЫШЫ – аспап көлемінен зарядталған бөлшектердің [радиактивті және басқа иондауыш бөлшектердің (α- және β-бөлшектердің), γ-кванттардың, жарық және рентгендік кванттардың, ғарыштық сәулелер бөлшектерінің] өтуі кезінде іске қосылатын газразрядты детектор. Сигналдың шамасы (ток импульсі) бөлшектердің энергиясына тәуелді емес (аспап дербес разрядталу бойынша жұмыс істейді). Бұл санауышты 1908 жылы неміс физигі Ханс Гейгер (1882–1945) және ағылшын физигі Эрнест Резерфорд (1871 – 1937) ойлап тапқан, 1928 жылы Гейгер неміс физигі Вильгельм Мюллермен (1905 – 1979) біріге отырып, жетілдірген. Гейгер-Мюллер санауышы герметикалық резервуар түрінде (әйнек түтік, екі ұшы дәнекерленген) жасалған, ішіне 13–26 кПа қысымды газ толтырылған. Аспаптың әйнек түтігінің ішкі бетіне жұқа мыс қабатты цилиндр жапсырылған (сұлба). Баллонның осі бойынша керілген жіңішке металл сым (4) цилиндрмен (2) бірге конденсатор ретінде пайдаланылады. Металл сым үлкен кедергі арқылы ток көзінің оң полюсіне

(4), ал цилиндр теріс полюсіне (3) жалғанған. Резервуардың өзегіне орнатылған өткізгіш бар (сыртқы цилиндр – катод, керілген жіңішке металл өткізгіш анод болады), катод пен анодқа бірнеше жүздеген В
Радиоактивті сәулені анықтауға қолданыла- тын Гейгер санауышы (А). Камера (1) төменгі қысымды неонмен (Б) толтырылған. Камера- дағы неонның атомдары радиоактивті бөл- шектер түскенде иондалады да оң иондар пай- да болады. Электр өрісі (2) зарядталған бөл- шектерді үдетеді, бұлар неонның (Г) өзге атомдарымен соқтығысып жаңа зарядталған бөлшектер тудырады

197
кернеу түсіріледі. Санауышқа сырттан иондаушы бөлшектер енген кезде газда еркін электрондар пайда болып, электр
Гейгер-Мюллер санауышының сұлбасы: 1 – өрісінің әсерімен анодқа қарай үдей
герметикалық шыны түтік; 2 – катод (жұ-
қа мыс қабаты немесе тоттанбайтын бо- қозғалады да газды иондайды. Электродлат түтік); 3 – катодтың ұшы; 4 – анод тар аралығында пайда болған иондалу
(керілген жіңішке металл сым)
тасқыны нәтижесінде тәж разряды
туып, сыртқы тізбекте ток импульсі пайда болады, осы импульстер күшейтіледі. Электрмагниттік есептеуішпен тіркелетін болады. ХХ ғасырдың 20–40 жылдары ядролық физикада маңызды орын алды. Қазіргі кезде дезиметрияда пайдаланылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *