БЕЙНОРМАЛЫҚ

БЕЙНОРМАЛЫЛЫҚ

Бейнормалылық — әдеби  тілдің аясында рұқсат етілетін қалыпты тіл дік нормадан шегініс. Академик Р.Сыздық «бейнормалылық нормадан ауытқушылық емес, көркемсөз нормасының өзіне тән белгілері болып саналады» деп тұжырымдаған болатын. Тілдік норма тек жазба әдеби тілдің нысаны емес, диалектілік сөздердің де, тіпті қарапайым сөз қолданыстарының да нормасы болады. Жазба әдеби тілдің нормалары кодификацияланады (хатталады, тұрақтандырылады), ал ауызекі  сөйлеу нормалары кодификацияланбайды, яғни онда еркіндік көп болады. Әдеби тілдің нормалары «жалпақ жұртқа» (халыққа), барлық аймаққа тегіс міндетті, ортақ болатын болса, ауызекі сөйлеуде  жергілікті ерекшеліктерді қолдану дәстүрі адамдардың «мәдени» (сауаттылық, тілге деген ұқыптылық, т.б.) дәрежесі сияқты факторларды, міндеттілікті қажет етпейді. Тілімізде нормаларға жат пайтын, көркем әдебиетте жұмсала  беретін бейтарап, бірқатар лек сикалық және грамматикалық  тұлға-бірліктер бар. Қарапайым сөздер, диалектизмдер, дөрекі сөздер, жаргондар жалпы әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Оларды ресми публицистика, ғылым, кеңсе, ісқағаздарының үлгілерінде  қолдану нормадан ауытқу болып табылады. Ал көркем проза мен драмалық шығармаларда мұндай сөздер көбінесе кейіпкерлер тілінде, тіпті шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз баяндауында да қолданыла береді және бұл қолданыс норма болып табылады. Көркем шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне қарай бейнормалылықтың әртүрлі белгілері кездеседі. Мысалы: тарихи романдарда жиі қолданылатын көнерген сөздер, этнографизмдер, морфологиялық  көне тұлғалар, синтаксистік көне түзілімдер көркем  шығармалардың өзге түрлерінің бәріне тән емес. Поэзия тіліндегі бейнормалылық өлеңнің ырғақ, өлшем, дыбыс гармониясы (эвфония), поэтикалық синтаксис шарттарына сай сөз таңдауда, сөйлем құрастыруда жалпы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормалары шеңберінен шығып кететін қолданыстарға негізделеді. Мұнда да поэтикалық ойды (образды) күшейту үшін бірқатар ақындар тосын сөздерді іздейді, олар қарапайым сөз, жер гілікті сөз, архаизм, сирек қолданылатын бөгде  тілдік сөздер қатарынан табылады. Бейнормалылық — көркем тіл нормалардың бір бөлшегі. Өйткені әдеби тілде норма емес элемент көркем әдебиеттің белгілі бір жанрындағы қолданыста норма ретінде танылуы мүмкін. Жазушының өз кейіпкерінің ішкі дүниесін, психологиялық күй-қалпын шынайы беру үшін  ауызекі сөйлеу тіліне тән құрылымдарды  қолданатын жағдайлар жиі кездеседі. Функционалды стильдің басқа түрлерінде бейнорма болып есептелетін варваризм, жаргон, говорлар кейіпкердің сөзімен баяндалған жағдайда көркем шығарма үшін норма болып саналады. Қарапайым  сөздердің, табу, эвфимизмдердің мағыналары көпшілікке таныс боп келеді, сондықтан ол сықақ-юмор жанрындағы туындыларда белгілі бір стильдік мақсатпен еркін қолданылады.

Бұларды уәжді қолданыстар, себепті ауытқулар деуге болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *