БАЯНДАУ
Баяндау деп әңгімешінің немесе жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруін айтады. Баяндау әдіс ретінде көркем әдебиетте және әдістеме саласында көп қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау ав тордың шеберлігіне, тілінің көркемдігіне байланысты көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Ал әдістеме саласында баяндау белгілі бір жүйемен түсіндіру тәсілі болып табылады. Егер баяндау әдісі ұтымды қолданылса, оқушылардың сабаққа ынта-ықыласы, белсенділігі артады. Баяндау әдісін пайдаланған кезде балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Көркем әдебиетте баяндау әдісі көркем әдебиет стилімен ұштасып жатса, ғылыми еңбектерде ғылыми стильде баяндау жасалады. Баяндаудың аясы өте кең. БЕЙНОРМАЛЫЛЫҚ