
Шалыс ұйқас. Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі – шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы 4 жолдан аспайды. Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай)
Шалыс ұйқас 7–8 буынды ғана емес, 11 буынды өлеңдерде де кездеседі.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ