
Кезекті ұйқас. Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе кезекті ұйқас дейміз. Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде, Танымассың, көрмессің, Мына сөзге көңіл бөл! Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса, Имансыздық намазда Егер сәулең болмаса, Қызылбастың салған жол.
Мейлің тіріл, мейлің өл! (Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары
ұйқасады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ