Егіз ұйқас

Егіз ұйқас. Абайдың көп өлеңдерінде («Сегіз аяқ») ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз. 8 жолдан тұратын шумаққа мысал:

                         Алыстан сермеп,                            

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған; Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл!

Бір шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп–тербеп» болып бір ұйқасады да, 3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5-жол «шауып–тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол 6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді. Келтірген үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен 2-4-жолмен ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Шумағы не 8, не 6 жолдан құрылады. Ұйқастың бұл түрін егіз ұйқас деп атайды. 6 жолдан тұратын шумақ (Абай) төмендегідей:

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан

Қатты састым,

Бетті бастым,

Тұра қаштым жалма-жан.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *