Ерікті ұйқас

Ерікті ұйқас. Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды. Өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі. Мысалы:

Сіздер кейін тұрыңыз, Барайын жалғыз мен деді.

Әуелі Алла анайым,

Хақ жаратқан қүдайым,

Мал шыдамас жауырға,

Ер шыдамас бауырға,

Бірге туған ит еді,

Жалғыз өзім барайын.

Мінген атым ала еді, Атасы әйел демесең Қарлыға қыз да ер еді.

          («Қобыланды» жыры)

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *