БӨЛШЕКТЕР

БӨЛШЕКТЕР, қ а р а п а й ы м – атомның құрамында (электрон, нейтрон, протон) болатын және алуан түрлі ядролық реакциялар кезінде туындайтын, ғарыштық сәулелердің құрамында кездесетін қарапайым бөлшектер (фотон, нейтрино, позитрон, π+ және π–, мезондар ғажап бөлшектер, антибөлшектер т.с.с.). Қазіргі кезге дейін белгілі болған тұрақты және пайда бола сала жойылып кететін тұрақсыз бөлшектердің жалпы саны 350-ден астам.
Ақиқат бейтарап бөлшек – өзінің антибөлшегіне теңбе-тең болатын қарапайым бөлшек.
Виртуал бөлшек – өрістің кванттық теориясы сипаттайтын өзараәсерлесулер үрдісінің аралық кезеңдерінде туындайтын, сонан соң жұтылатын бөлшек.
Ғажап бөлшек – ғажаптылығы нөлден өзге мән болатын адрон.
Зарядты бөлшек – электр заряды болатын бөлшек.
Қарапайым бөлшек – заттардың атом, атом ядросы (сутек атом ядросы – протоннан басқа) немесе атомдардан құралған кез келген құрылымы болмайтын ұсақ бөлшек.
Теңбе-тең бөлшектер – орындары ауыстырылғанымен кванттық жүйе күйлері өзгермейтін, сипаттамалары бірдей болатын бөлшектер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *