БӨЛШЕКТЕНУ

БӨЛШЕКТЕНУ – бір нәрсенің бірнеше бөлікке ажырауы.
Атом ядросының бөлшектенуі – атом ядросының бірнеше едәуір жеңіл ядролық-кесектерге ыдырау үрдісі.
Зеемандық бөлшектену – затқа сыртқы магнит өрісінің әсер етуінің нәтижесінде осы заттың электрмагниттік сәуле шығару немесе жұту спектрлік сызықтарының бөлшектенуі. Бұл құбылысты 1896 ж. нидерланд физигі Питер Зееман (1865 – 1943) ашқан.
Спектрлік сызықтардың бөлшектенуі – энергия деңгейлерінің бөлшектенуінің нәтижесінде спектрлік сызықтар компоненттері санының артуы.
Спин-орбиталық бөлшектену – атомдардың спин-орбиталық өзараәсерлесуі тудыратын энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтарының бөлшектенуі.
Штарк бөлшектенуі – затқа электр өрісінің әсер етуінің нәтижесінде заттың электрмагниттік сәуле шығару немесе жұту спектрлік сызықтарының бөлшектенуі. Бұл құбылысты 1913 ж. неміс физигі Иоганн Штарк (1874 – 1957) ашқан.
Энергия деңгейлерінің бөлшектенуі – сыртқы немесе ішкі электрлік, немесе магниттік ықпалдардың нәтижесінде атомның, немесе атом ядросының әрбір энергия деңгейлерінен бірнеше кіші деңгейлер құруы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *