БӨЛШЕКТЕР ДЕТЕКТОРЫ

БӨЛШЕКТЕР ДЕТЕКТОРЫ (латынша «детектор – ашқыш; табушы») – қарапайым бөлшектерді (протондарды, нейтрондарды, электрондарды, мезондарды т.б.), атом ядроларын (дейтрондарды, α-бөлшектерді т.б.), сондай-ақ рентгендік және γ-кванттарды (гамма-кванттарды) тіркеуге арналған аспап. Электрондардың бөлшектер детекторының аумағына (көлеміне) түскен кезінде электр импульсін тудыратын электрондық-бөлшектер детекторына және бөлшектердің немесе сәуле квантының бөлшектер детекторының аумағынан өтуі кезінде олардың тек өту сәтін тіркеп қана қоймай, сонымен қатар траекториялары (тректерін) байқалатын – тректік-бөлшектер детекторына ажыратылған. Бөлшектер детекторларына электрондық – электрондық-иондық камералар, сцинтилляциялық-санауыш, ядролық сәулелердің жартылайөткізгіштік детекторы, тректік – Вильсон камерасы, көпіршікті камера жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *