
БОР–ван–ЛЕВАН ТЕОРЕМАСЫ – статистикалық физиканың электрондар жүйесінің магниттелушілігі тұрақты сыртқы магнит өрісінде статикалық тепетеңдік жағдайда нөлге тең; 1911 ж. дат физигі Бор (1885 – 1962) дәлелдеген және 1919 ж. голланд физигі Иоханной ван Леван жалпылаған. Бор–ван Леван теоремасы классикалық статикалық механика аясында зарядты бөлшектердің ферромагнетизмін, парамагнетизмін және диамагнетизмін түсіндіруге болмайтынын көрсеткен. Кейін заттардың магнетизміне заттарды құраушылардың кванттық қасиеттерінің себепші болатыны анықталған.