
БЭР (бэр, rem) – иондауыш сәуле дозасына тепе-тең болатын жүйеден тыс бірлік. 1Б = 0,01 Дж/кг. 1963 жылға дейін Бэр бірлігі рентгеннің биологиялық эквиваленті ретінде анықталып келді (бұл атау «рентгеннің биологиялық эквивалентті» дегеннің орыс тіліндегі нұсқасы бойынша аталудан қалыптасқан).