
БОР РАДИУСЫ, Нильс Бордың сутегі атомы теориясындағы – яд- роға (протонға) жақын электрон орбитасының радиусы. Бор радиусы ао=ħ2/me2=5,2917706(44)·10–11 м, мұндағы m және е – электронның массасы және заряды. Кванттық механикада бор радиусы сутегінің қоздырылмаған атомдағы элек- тронның ядродан қашықтығын жоғары ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.