
БЕТАТРОН [«бета – бета бөлшек» + элек(трон)] – бөлшектердің орбитасын қамтитын айнымалы-өзгермелі магниттік ағын тудыратын (индукциялайтын) құйынды электр өрісінің бөлшектердің энергиясын арттыратын циклдік индукциялық үдеткіш. 1922 ж. Дж. Слепян құйынды магниттік өрісті пайдаланатын үдеткішке патент алған. Алғашқы іс жүзінде қолданылатын бетатронды 1940 ж. американ физигі Дональд Керст (1911 – ?) ойлап тапқан.
Электрондарды үдететін индукциялық құйынды электрқозғаушы күшті айны- малы магниттік ағын тудырады. Үдетілетін электрондарды дөңгелек орбитада уақыт бойынша өзгеріп тұратын жетекші (басқарушы) магнит өрісі үйіріп ұстап тұрады.
Бетатрон дөңгелек пішінді өте үлкен вакуумдық камерадан құралған. Камера айнымалы өріс тудыратын электрмагнит полюстерінің аралығына орналастырылған. Оның ішінде элек- трондар шығаратын көз болады. Элек- трондар дөңгеленген орбита бойымен қозғалады. Камераны түйреп өтетін магниттік өріс өзгерген кезде құйынды
Бетатрон қимасының сұлбасы: 1 – магнит
электр өрісі пайда болып, электрон- полюстері; 2 – сақина тәрізді вакуумдық каме- дарды өзімен бірге шұбыртып ілес- раның қимасы; 3 – орталық өзек; 4 – электр- магниттің орамы; 5 – магниттің мойны тіреді. Магниттік өріс осымен бірге электрондардың қозғалу бағытына перпендикуляр (дөңгелектің ортасына қарай) күш тудырады. Осы күш электрондарды дөңгелек орбитадан ауытқытпай үйіріп ұстайтын болады. Бетатрон электрондар ағынын бірнеше миллионнан 100–200 МэВ-ке дейінгі энергияға дейін үдете алады.