
БЕТА-ЫДЫРАУ, β-ыдырау – нейтронның (n) атом ядросының ішінде (сондай-ақ еркін нейтронның протонға айналуы) электрон (е) мен позитрон (е+) және электрондық антинейтрино (υе) немесе нейтрино (υе) шығара отырып өз еркімен протонға түрленуі. Бета-ыдыраудың екі түрі бар: 1) β – ыдырау:
n→p+e–+υе (бастапқы ядродан протон саны (Z) 1-і артық ядро түзіледі), мысалы:
14 14 –
С N + е +е. Еркін нейтронның ыдырауы β-ыдыраудың қарапайым мысалы
6 7
болады. 2) Позитрондық ыдырау (β+-ыдырау): р→n + e+ + υе (бастапқы ядродан
11 11 + заряды 1-ге кем ядро түзіледі, мысалы С В + е + е.
6 5
Атом ядросының нейтрино (υе) шығара отырып электрон жұту үрдісі де бетаыдырауға жатқызылған. Бета-ыдырау ауыр және жеңіл ядроларда байқалады.
Бета-ыдырау әлсіз өзараәсерлесу нәтижесінде туындайды.
Бета-ыдырау теориясын 1934 ж. итальян физигі Энрико Ферми (1901 – 1954) тұжырымдаған.
Егер бета-ыдырау кезінде ядродан электрон бөлініп шықса, β–-ыдырау, ал позитрон бөлініп шықса, β+-ыдырау деп аталады. Бета-ыдырау үрдісі периодтық жүйедегі барлық элементтерден байқалады.