
Ситуация (французша – situs – жағдай) – қатысушылардың қарымқатыстары, күрес-тартыстарының нәтижесінде әртүрлі эпизодтарда кездесетін жағдайлар. Сюжетке құрылған қандай шығармаларды алсақ та оқиға бөгетсіз дами бермейді. Өмірдің өзінде адам баласына әр алуан жағдайдьң кездесетіні тәрізді, шығармалардағы қатысушылар да әртүрлі жағдайларға ұшырап отырады.
«Ботакөз» романының бас қаһармандары Асқар мен Ботакөз әртүрлі жағдайларға ұшырайды, әр алуан қарым-қатынастарда болады. Кейде жағдайдың өзгеруі қатысушылардың арасындағы байланыс қарымқатынастарды өзгертіп жібереді. Өмір бойы Итбайдың атарманшабарманы болып келген Бүркітбай 1916 жылғы көтеріліс кезінде халық жағына шығады, өйткені жағдай солай болады. Майданға баратын жігіттердің тізімінде Бүркітбайдың да болуы, оны Итбайға қарсы шығуға мәжбүр етеді.
«Шұғаның белгісінде» Әбдірахманның әкесі үйіне пішен сұрай келгенде, әйелі қос қазыны бұзбай салып, ақысыз бір шана шөпті шанасына тиетіп жіберген Айнабай, жағдай өзгеріп, Әбдірахман оның қызына үйленбейтіндігіне көзі жеткеннен кейінгі жерде, ол Әбдірахманның қас жауының бірі болып шыға келеді. Әбдірахманға бұрынғы көзқарас, қарым-қатынастары мүлде өзгереді.
Көркем шығармадағы ситуация осылар тәрізді болып келеді.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ