
АТОМДЫҚ МАССА, ескірген атауы – атомдық салмақ – массаның атом- дық бірлігімен (м.а.б.) өрнектелген атом массасының салыстырмалы мәні. Атом- дық масса атомдық бөлшектердің құраушыларының массаларының қосынды- сынан масса ақауындай (дефектісіндей) шамаға (m) кем. Орыс ғалымы Дмитрий Менделеев (1934 – 1907) элементтердің периодтық жүйесінде элементтің негізгі сипаттамасы ретінде атомдық массаны алған. Атомдық массаның мас- салық саннан атом ядросындағы (нейтрондар мен протондардың қосынды- сынан) айырмашылығы бұл масса – бөлшектік шама. Бір химиялық элементтің изотоптарының атомдық массалары әртүрлі болады, табиғи элементтер изо- топтардың қоспаларынан құралған, сондықтан атомдық масса үшін изотоптар- дың атомдық массаларының орташа мәні қабылданған.