
АТОМДЫҚ НӨМІР, Z – атомның негізгі қасиеттерін анықтаушы ядроның зарядына (қарапайым электр зарядының бірлігіндегі) тең, атомның негізгі сипаттамаларының бірі. Атомдық нөмір ядродағы протондар санына, бейтарап атом үшін – ондағы электрондар санына тең. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесінде химиялық элементтер атомдық нөмірдің өсу реті бойынша орналасқан. Сол себепті химияда осы атаудың синонимі – р е т т і к н ө м і р атауы қабылданған.