
АТОМДАР МЕН МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ҚОЗУЫ – атомдар мен моле- кулалардың фотондар жұтуы (фотоқозу) немесе электрондармен және бөл- шектермен соқтығысулары кезінде (соққы арқылы қозу) ең аз энергиялы деңгейден (мысалы, негізгі деңгейден) көп энергиялы деңгейге кванттық ауысуы. Жарық сәуле әсерінен v жиілікті бір фотонды жұту нәтижесінде hv = ࣟі–ࣟк энергиялы қарқындылығы әлсіз қозуға ұшырайды (мұндағы h – Планк тұрақтысы, v – жиілік, ࣟ – энергия). Лазерлік сәуле өрісінде бірмезгілде бірнеше фотон жұту арқылы қозу мүмкін болады, мұның қосынды энергиясы атомдағы немесе молекуладағы ауысу энергиясына ࣟі – ࣟк тең.