АТМОСФЕРАЛЫҚ ЭЛЕКТР

АТМОСФЕРАЛЫҚ ЭЛЕКТР – атмосферада жүзеге асатын электр құбы- лыстары мен үрдістердің: атмосфераны электр өрісінің ауаның иондалу және электрөткізгіштігінің, бұлттардың және жауын-шашынның электр зарядтарының атмосферадағы электр тогы мен разрядтарының жиынтығы. Тропосферадағы бүкіл бұлттар және жауындар, тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электрмен зарядталған болады. Жер бетіне жуықтау аймақта тұрақты, белгілі бір кернеулікті электр өрісі болады. Бұл кернеулік (Е) орташа есеппен 130 В/м шамасындай болады (мұндағы В – вольт, м – метр). Жер шамамен 3·105 Кл теріс зарядты болады (мұндағы Кл – Кулон). Бүкіл атмосфера оң зарядты. Электр өрісінің кернеулігінің (Е) шамасы орта ендікте үлкен болып Жер полюсі мен экваторға қарай кемиді. Е атмосфераға кернеулік (Е) Жерден жоғары көтерілген сайын кемиді, шамамен 10 км биіктікте бірнеше В/м шамасында ғана болады.
А т м о с ф е р а н ы ң э л е к т р ө р і с і. Тропосферадағы барлық бұлттар, тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электр зарядты болады; тіптен таза атмосфераның өзінде тұрақты түрде электр өрісі болады. Жер беті мен ионсфераның аралығындағы потенциалдар айырымы 200–500 кВ шамасына тең.
А т м о с ф е р а н ы ң н е г і з г і и о н д а у ш ы л а р ы: 1) атмосфераның бүкіл қалыңдығына әсер етуші ғарыштық сәулелер; 2) Жерде және ауада болатын радиоактивті заттардың сәулелері; 3) 50–60 км биіктікте Күннің ультракүлгін және корпускулалық сәулелері болып есептеледі.
А т м о с ф е р а д а ғ ы т о к т а р. Атмосферадағы электр өрісінің кернеулігінің әсерінен Жер бетіне қарай тік бағытталған өткізгіштік ток «ағады».
Н а й з а ғ а й. Бұлттар тудыратын сызықтық найзағай көптеген бөлшектердің арасында электродтар жоқ кезде туындайтын ұшқынды разрядтың бір түрі болып табылады.
Э л ь м а о т т а р ы. Жер бетінде кернеулігі 130 В/м тұрақты электр өрісі болады. Осы шама 500–1000 В/м-ден артқанда өзіне тән шуыл таралып, үшкір, созылыңқы заттарда (шөптердің, ағаштардың, электр тарату желілері діңгектердің ұштарында) электр разряды пайда бола бастайды. Өріс күшейген сайын разряд көріне бастайды, кейде едәуір жарқырап тәж пішінде байқалады. Атмосферада пайда болған осы электрлік тәж көбінесе әулие Эльманың оты деп аталады. Бұл оттар әсіресе таулар мен теңіздерде байқалады. Биік құрылыстарда (телевизиялық мұнарада т.б.) тәж тогы 10 мА-ден асады. Ұшақтардың бұлт арасымен ұшуы кезінде оның үшкір ұштарында әлгіндей тәж токтары пайда болады, осы токтар радиоқабылдағыштарға бөгеуіл келтіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *